Алматыда қараша айында ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй салу құрылысы басталады - Ахметжан Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қараша айында ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй салу құрылысы басталады -- Ахметжан Есімов

Алматыда қараша айында ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй салу құрылысы басталады -- Ахметжан Есімов

Алматыда салынғанына 50 жылдан асқан қамыстан тұрғызылған ескі 1047 тұрғын үй бар.

  • 26 Қазан 2012
  • 543
Фото - Caravan.kz

Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін «Ақбұлак» және «Алғабас» ықшам аудандарындағы тұрғын үй нысандарына ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде айтты.

«Қараша айында ескі қамыс үйлердің орнына салынатын 4-5 қабатты эконом сыныпты жаңа үйлердің құрылысын екі ауданда бастаймыз, Желтоқсанда олар тағы екі ауданмен толығып, ал ақпанда қалған екі аудан қосылады. Жаңадан құрылған Алатау ауданынан басқа», — деді А.Есімов. Ахметжан Смағұлұлының сөзіне қарағанда, бұл бағдарламаның құны 21,2 миллиард теңгені құрайды. Оның 4 миллиарды ескі үйлердің тұрғындарын көшіру үшін салынатын үйлерге, 17,2 миллиарды босатылған алаңдарға жаңа тұрғын үй салуға жұмсалады. Алғашқы кезекте бұзылатын ескі үйлердің тұрғындарын көшіру үшін 559 пәтерлі 12 тұрғын үй салынады. Одан кейін 55 ескі үй бұзылып, оның орнына 2500 пәтерлі 54 жаңа үй тұрғызылады.

Соңғы жаңалықтар