Алматыда "Қараторы қыз -2013" байқауының жеңімпазы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қараторы қыз -2013" байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыда "Қараторы қыз -2013" байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыда "Қараторы қыз -2013" байқауының жеңімпазы анықталды.

  • 4 Наурыз 2013
  • 2634
Фото - Caravan.kz

Жас актриса Алина Балтабаева өткен демалыста қараторы сұлулардың арасынан оқ бойы озық шықты, деп хабарлайды
Tengrinews.kz
.

Сұлулар додасында жеңіп шыққан 21 жастағы А.Балтабаева Қырғыз ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. 2011 жылы «Бишкек, я люблю тебя» фильміне түсіп, 2008 жылы «New Face» байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. Ал қазір Алматыда жұмыс істеп, тұрып жатыр.

Аталмыш байқауда бірінші вице-мисс атағын алматылық Яна Макарова жеңіп алса, екінші вице-мисс болып Айдана Ташенова танылды. Жалпы ең тартымды, сымбатты қараторы қыз атағына 12 сұлу қатысты. Әрбір қатысушы құр алақан қалған жоқ, олар байқауды ұйымдастырушылар мен демеушілерден сыйлықтар алды. Сондай-ақ көрікті бойжеткендерге сауда орындары, сұлулық салондары мен фотосессияға арнайы сертификаттар ұсынылды.

Айта кету керек, аталмыш байқауды ұйымдастырушылар жыл сайын ең сұлу қараторы, ақсары, және сымбатты қыздардың додасын өткізіп келеді.

Перейти к новостям спорта