Алматыда қараусыз қалған ғимараттардың бірінде нәрестенің денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қараусыз қалған ғимараттардың бірінде нәрестенің денесі табылды

Алматыда қараусыз қалған ғимараттардың бірінде нәрестенің денесі табылды

Алматыдағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды.

  • 9 Желтоқсан 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ақпаратты жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде таратыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шақалақтың денесі Алмалы ауданындағы бос тұрған ғимараттың ішінен табылыпты. Қала тұрғыны Андрей Андреевтің айтуынша, сәбидің денесі анықталған ғимарат қаладағы Сайран көлінің маңында орналасқан.

"Байқұстың денесін егеуқұйрықтар кеміріп тастапты", — деп жазыпты әлеуметтік желі қолданушылары. 

Қалалық полиция департаменттігі ақпаратты растады. Сөздерінше, жаңа туған нәрестенің денесі шынымен қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылыпты. 


Қазіргі таңда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот алды тексеріліс жұмыстары басталып кетіпті. Бұл үшін арнайы жасақ та құрылған, олар бұл әрекетке барған қатыгез ананың кім екендігін анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар