Алматыда "Қару" операциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қару" операциясы басталды

Алматыда "Қару" операциясы басталды

Бүгін, 21-шілдеде "Қару" жедел-профилактикалық шаралары басталды. Операция 24-шілдеге дейін созылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2003
  • 460
Фото - Caravan.kz

Операцияның мақсаты- азаматтардың жаны мен денсаулығына қатер төндіретін қылмыстар туралы қала тұрғындарынан келіп түскен хабарламаларды дер кезінде елеп-ескеру болып табылады.

«Қару» операциясы аясында мылтық және газды қару иелерінің үйі, автотұрақтары мен саяжайларын тексеру , сондай-ақ, автокөлікпен тасымалданатын транзитті жүктерді тексеру көзделіп отыр.
«Қару» операциясы өткізілуіне байланысты Алматы қалалық ІІББ азаматтардан заңсыз сақтап отырған қару-жарақ, суық қару мен оқ-дәрі, жарылғыш заттарды өз еркімен келіп тапсыруды сұрайды.
Заңсыз қару-жарақтарын өз ықтиярымен келіп тапсырған азаматтарға қылмыстық және әкімшілік жаза қолданылмайды.

Соңғы жаңалықтар