Алматыда "Қару" операциясының барысында 43 қару тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қару" операциясының барысында 43 қару тәркіленді

Алматыда "Қару" операциясының барысында 43 қару тәркіленді

Алматыда жедел-профилактикалық "Қару" операциясының барысында ішкі істер органдарында тіркелмеген 43 қару тәркіленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 28 Қазан 2003
  • 350
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қаладағы оперативтік ахуалды сауықтыру, отты қару, жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғыларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын дер кезінде алу және оларды жедел әшкерелеу мақсатымен 20-24-қазанда Алматыда жедел-профилактикалық «Қару» операциясы жүзеге асырылған болатын.

Осы мерзімде полицейлер қаруға қатысы бар 82 қылмыс тіркеп, 71 қылмыстық іс қозғады. Тәркіленген қарулардың арасында екі автомат, бес ойындылы қару, екі бесатар, 15 оқпанды қару, 7 кездік мылтық бар.
Сондай-ақ, осы мерзімде 64 қаруды адамдар өз еркімен тапсырып, олардың арасында 29 бірлік майда оқпанды қару, 2 ойындылы қару, 2 бесатар саналды.

Соңғы жаңалықтар