Алматыда қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды

Алматыда қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды

“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

  • 17 Қаңтар 2021
  • 12
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының хабарлауынша, “QI-Trade Kazakhstan” ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С.азамат, сондай-ақ 1994 жылы туған Б. азамат ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды

"Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот “қамауға алу” түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры — 1994 жылы туған С.азамат халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз.

Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды.


Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді", — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.