Алматыда қаржылық орталықты дамытудың екі түрлі үлгісі жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қаржылық орталықты дамытудың екі түрлі үлгісі жасалды

Алматыда қаржылық орталықты дамытудың екі түрлі үлгісі жасалды

Ертең, 10-наурызда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовқа Алматыда аймақтық қаржылық орталықты дамытудың екі түрлі балама үлгісінің нұсқасы ұсынылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен қысқаша баспасөз мәслихатында "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ басқармаларының төрағасы Нұрлан Құсайынов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Наурыз 2005
  • 647
Фото - Caravan.kz

Бұл үлгілер халықаралық «The Boston Consulting Group Inc.» (BCG) консалтингтік компаниясының сарапшылары жүзеге асырған талдау негізінде айқындалды. Арнайы келісім-шартқа қол қойған бұл компания Қазақстан үшін қаржылық орталықтың тиімді үлгісі мен оны құруға бағытталған шаралар жоспарын анықтауы тиіс. Бір үлгі бойынша біртұтас қаржы рыногын құру, ал екіншісіне сәйкес параллель жұмыс істейтін сыртқы және ішкі рынокты дамыту көзделіп отыр.

BCG консалтингтік компаниясы Сингапур мен Таиланд қаржылық орталықтарын құруға тікелей қатысып, Аргентина, Франция, Германия, Канада және АҚШ елдерінде қаржы рыногын дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырған. Ал Қазақстандағы ішкі қаржылық рынокты зерттеу нәтижесінде компания осындағы басты қиындық — қаржылық құралдардың өтімсіздігі екенін анықтады. Консалтингтік компания сарапшылары елімізде корпоративті бағалы қағаздар рыногы мен акциялар рыногының дамымағанын, бағалы қағаздар рыногына негізгі қатысушылар — эмитенттер, инвесторлар мен делдалдардың өзара үйлесімсіз іс-әрекетін, инвестициялық құралдардың тапшылығын атап көрсетуде.
BCG сарапшыларының пікірінше, Дубаи, Дублин және Сингапурдың тәжірибесінен жинақталған басты идеялар заң шығару және атқарушы биліктің тәуелсіздігіне, көпшілік қолындағы бағалы қағаздар үлесіне 25 проценттік листинг талабын қою, шетелдік меншікке 100 процент рұқсат беру және басқа да ынтыландыру шараларына негізделеді. Сол себепті Алматыда қаржылық орталық құру арнаулы салық және заңнамалық режим қалыптастыруға түрткі болмақ.
BCG сарапшылары қаржылық орталыққа қатысушы «алғашқы толқын» елдерін анықтады. Бұл топқа жаңа рынокқа эмитент ретінде енуге жоғарғы деңгейде құлшыныс танытып отырған елдер енеді. Бұл топта Ресей мен Украина ғана бар. Ал «екінші толқын» елдері үшін қаржылық орталыққа енбес бұрын оның тиімділігі мен орындылығын анықтау қажеттігі тындайды.

Перейти к новостям спорта