Алматыда «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты концерт өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Қасиеттім – Желтоқсан!»  атты концерт өтеді

Алматыда «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты концерт өтеді

3 желтоқсанда Алматыдағы Қазақстан Жазушылар Одағының концерт залында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты концерт биыл үшінші рет өткелі отыр. Онда 1986 жылғы желтоқсанда алаңда шырқалған әндермен қатар, Желтоқсанды жырлаған шығармалар және де ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады.

  • 1 Желтоқсан 2016
  • 616
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясындағы тікелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Бұл ән мен жыр кешін ұйымдастырудағы басты мақсат – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбында жарық көрген музыкалық шығармалар мен әндерді насихаттау. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбындағы әндерге арналған концерт дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Концертте кезінде алаңда шырқалған «Атамекен» әнінен бастап, оқиғадан кейінгі уақытта шыққан «Желтоқсан тағылымы», «Желтоқсан желі», «Бостандықтың бойтұмары – желтоқсан», «Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан маршы», «Желтоқсан жастары маршы» және «Қайсар қазақ» сынды әндер орындалады.

Концертке Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Мұратбек Сарбасов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Құрманбек Әлімғазы, Есет Сәдуақасов, Азамат Бекбергенов, Әлия Әбілқайыр, Артұр Ізтілеуов, «Аманат» тобы және басқа да өнерпаздар қатысады.


Соңғы жаңалықтар