Алматыда қатігез тәрбиешілерімен аты шыққан бақшада балаларды еденге лақтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қатігез тәрбиешілерімен аты шыққан бақшада балаларды еденге лақтырған

Алматыда қатігез тәрбиешілерімен аты шыққан бақшада балаларды еденге лақтырған

Алматыдағы жеке балабақшаның бірінен әлі де былықтар анықталып жатыр! Сәбиі тәрбиешіден оңбай таяқ жеген ананың айқайынан соң іске полицейлер араласқан болатын. Ойын бөлмесіндегі камера жазбасын мұқият қарап шыққан тергеушілер тәрбиешілердің бұған дейін де қатігездік көрсеткенін әшкереледі. Таспада тіпті күтушілердің сәбилерді еденге лақтырып жіберуге дейін барғаны көрініп тұр.

  • 6 Қараша 2015
  • 662
Фото - Caravan.kz

Тергеушілердің төбе шашын тік тұрғызған кадрлер осы. Бала орындығына жайғасып алған келіншек сәбиді тоқпақтап жатыр.    Түртпектеуін тоқтатпаған тәрбиеші бармақтай қызды беттен де ұрған. Ал мына кадрлерде баланы ұрып-соққандар тіпті басты жаруға дейін барды.

Тілі де шықпаған баланың тәрбиешіден еңбектеп қашып бара жатқаны таспаға анық түсіп қалған. Сөйтсе, «Алтын ұя» балабақшасындағы күтушілердің бұл күндегі әдеті екен. Бірден енді асқан Ерденнің денесіндегі іздер де осы тәрбиешілерден болған дейді тергеушілер.               

Ақкенже Ғұмарова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Осы тұрған адамдарды, осы жерде жұмыс істейтін адамдарды бәрін жазаға тарту керек. Заң алдында жауап берсін. Бұл балабақшаның ата-аналарының бәріне хабарлау керек.

Ақкенже қанша ашуланғанымен, жекеменшік балабақша әлі жабылмаған. Тек балаларға қол жұмсаған үш-төрт тәрбиеші жұмыстан кетіп тыныпты.

Гаухар Батырханова, балабақша меңгерушісі:

-Балаларды ұрған қызметкерлер жұмыстан шығарылды. Жоқ, біз көшпейміз бұл жерден.

Кәсіпкер келіншек қос қабатты коттеджді жалға алған екен. Сөйтіп, бұны балабақшаға айналдырған. Ал Білім министрлігіндегілер оған біз шара қолдана алмаймыз деп отыр.    

-Ондай жағдайлардың бәрін әкімшілік пен жаңағы білім басқармасы жергілікті басқарма солардың құзіретінде.  Ондай мәселелерді министрлік шешпейді ғой ондай мәселелерді.

Жеке балабақша мәселесін әкімдіктегілер де шешпейтін болып шықты. Тіпті, білім басқармасындағылар да мектепке дейінгі мекемедегі тәртіпке қарамаймыз деп керісінше өзімізді қайта министрлікке сілтеп жіберді. Бұл енді – жекеменшік балабақшалардың өз билігі өзінде деген сөз. Ал біз айтқан мекемедегі баланы ұру дерегі бойынша іс қозғалып, тәрбиешілер тергеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар