«Барлық дүкендер, қоғамдық нысандар күшейтілген күзеттің негізінде штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақталды, барлығы бақылауда. Елбасы тапсырмасымен таңертең Алматы әкімдігінің бұйрығы шықты, ол бойынша қаза тапқандардың туыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Оларға 15 миллион теңгеден берілетін болады. Жарақат алғандарға 5 миллион теңгеден қарастырылған. (…) Жалпы жағдай тұрақты, біз Аян Ғалиевтің отбасына кіріп шықтық. Басқа да полицейлердің туған-туыстарымен байланыстамыз. Оларға псиxологиялық көмек көрсетілуде», — деп атап өтті әкім.
Оның сөзі бойынша, Алматыда содырлар қолынан қаза тапқан полицейлермен қоштасу рәсімі ертең, 20 шілдеде Балуан Шолақ спорт кешенінде өтпек.
«Қаза тапқандардың басым бөлігі Алматы облысының тумалары. Сондықтан үш полицейдің туған-туыстары мәйітті алып кетті. Менің орынбасарым сонда аттанды. Облыс әкімі полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салу бойынша тапсырма берді. Ертең таңертең сағат 10:00-де Балуан Шолақ спорт кешенінде ресми қоштасу рәсімі болады», — деді Б. Баубек.