Алматыда қазан айында тантал мен ниобиді зерттейтін Халықаралық зерттеу орталығының ассамблеясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қазан айында тантал мен ниобиді зерттейтін Халықаралық зерттеу орталығының ассамблеясы өтеді

Алматыда қазан айында тантал мен ниобиді зерттейтін Халықаралық зерттеу орталығының ассамблеясы өтеді

2011 жылы қазан айында Алматыда TICБас ассамблеясы - тантал мен ниобиді зерттейтін Халықаралық зерттеу орталығының ассамблеясының 52-ші сессия сы өтеді, деп Үлбі металлургиялық зауыт (ҮМЗ) баспасөсз қызметінен хабарлады.

  • 16 Шiлде 2011
  • 633
Фото - Caravan.kz

«Осындай сессияны Қазақстанда еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырып өткізгелі отырғаны, біздің елдің жетістігі мен Үлбі металлургиялық зауытының тантал өндірісіндегі жетістігін мойындағаны деп білу керек», — делінген жұма күні таратылған хабарда.

Бүгіндері ҮМЗ уран өндірісінде қытай нарығы үшін батыс дизайнымен отын таблеткаларының алғашқы өндірістік партиясын шығаруға кірісуге дайын. ҮМЗ-де осындай таблеткаларды шығару француздардың Areva компаниясымен құрылған БК аясында мүмкін болды.

Одан басқа, жапондық NGK компаниясымен берилли өндірісін дамыту аясында өзара тиімді байланыстар орнатылды. Қытайда ашылған БК беррилли қорытпаларымен илеме шығаруды бастады.

«Тантал өндірісіндегі жаңа бағыт та дамып келеді. Мұнда өндірістік ауқымда тантал сымдары шығарылып, шетелдік конденсатор шығарушыларға жеткізудеміз. (…) Ақтық сертификациядан өту үшін сыйымдылығы жоғары конденсаторлық ұнтақтар мен сымның тәжірибелік-өндірістік партиясын Чехияға жібердік. Сынақ аяқталған соң осы елге жеткізілімдер жөнінде келісімшарт жасалады», — делінген мәтінде.

«ҮМЗ» АҚ – атом электр стансалары үшін уран диоксидінен отын таблеткаларын және берилли, тантал мен ниобий шығару саласында әлемдік көшбасшыларының бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» құрамына кіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23500-ден астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

Соңғы жаңалықтар