Алматыда қазақ балетінің 90 жылдығына арналған альбомның тұсауы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қазақ балетінің 90 жылдығына арналған альбомның тұсауы кесілді

Алматыда қазақ балетінің 90 жылдығына арналған альбомның тұсауы кесілді

«Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбомында Қазақстанның кәсіби хореография өнерінің 90 жыл бойына қойылған ұлттық спектакльдерінің бүкіл тарихы жинақталған. Арт-альбом бір жыл бойы Тоғжан Молдалімнің жетекшілігімен дайындалды. Баспа жобасын Qazaq Ballet Creative Lab қолдап, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттық қолдауымен жүзеге асырылған.

  • 26 Қыркүйек 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Альбом Қазақстанның музыкалық театрлары мен хореографиялық труппаларында қойылған барлық ұлттық спектакльдің сахнасын көркем бейнелейді. 65 түрлі-түсті картинаның суретшісі Жаннат Баймұханова, кітаптың дизайнері Гузель Нұрымбетова. Картиналарда Қазақ опера-балет театрының 90 жылдық кезеңіндегі ұлттық спектакльдердің көрінісі бейнеленген.

— «Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбомын жасау идеясы бір жағынан кездейсоқ, екінші жағынан табиғи түрде пайда болды. 2022 жылы мен Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде магистратура бітірдім, зерттеу кезінде Қазақстанның ұлттық хореографиялық өнерінің даму жолын тереңірек түсіну үшін әртүрлі дереккөзге жүгіндім. Қазақ балеті туралы әдебиетте иллюстрациялық материалдың жеткіліксіз болуына байланысты көп нәрсені болжауға, ұсынуға тура келді. Жобаны іске асырудың арқасында қазақ балетінің тарихы жаңғыртылды, — деді жоба жетекшісі Тоғжан Молдалім.

Альбом еліміздің мәдени мұрасын жүйелеуге және бүкіл әлемге таныстыруға үлес қосады. Кітап үш тілде, қойылымдардың қысқаша сипаттамасы, премьера күндері мен балеттердің сахналанған топтары туралы мәлімет жазылған. Арт-альбомға О.В.Батурина, Е.И.Резникова, А.А. Садықова, Д.Д.Оразымбетов сынды еліміздің жетекші өнертанушыларының құнды пікірлері енген.


Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен тұсаукесермен бірге альбомдағы суреттер көрмесі өтті.