Жарияланды: 610

Алматыда қазақ баспасөзінің қазіргі жай-күйі мен болашағы талқылануда

Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты басылымдардың бас редакторларымен кездесу өтіп жатыр.

Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып отырған іс-шара барысында қазақ баспасөзінің қазіргі жайы мен болашағы, баспасөздің инттеллектуалды ұлт қалыптастырудағы рөлі мен жастар тәрбиесі мәселелері талқылануда. Сондай-ақ жаңадан қабылданған Журналистердің этикалық кодексі айналасында әңгіме өрбіді. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Қазақ газеттері» ЖШС-нің құрамына «Ана тілі», «Ұйғұр авази», «Экономика» газеттері мен «Ақиқат», «Үркер» және «Мысль» журналдары кіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін