Концертте «Інжу-маржан» триосы, «Жұбанов көктемі» халықаралық байқауының гран-при иегері «Сарын» ансамблі, «Бабалар сазы», «Меруерт», сондай-ақ домбырашылар мен баяншылар ансамбльдері мен Қазақ халық аспаптары оркестрі өнер көрсететін болады. Олардың орындауында қазақтың дәстүрлі ұлттық музыкалары, кейінгі буын қазақ композиторларының шығармалары әуелейтін болады. Концерттің дирижёрі — халықаралық байқаулардың лауреаты Арман Жүдебаев.