Алматыда қазақ күресімен айналысатындар саны жыл сайын еселеп артуда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қазақ күресімен айналысатындар саны жыл сайын еселеп артуда

Алматыда қазақ күресімен айналысатындар саны жыл сайын еселеп артуда

Алматы қаласында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу сайыстарына қатысатындар саны жылына екі еседен артуда. Бұл туралы бүгін Алматыда қазақ күресінен өтіп жатқан турнирде Алматы қаласы бойынша қазақ күресінің аға бапкері Ермек Насиев мәлімдеді.

  • 15 Мамыр 2014
  • 408
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазақ күресі алматылықтар арасында танымал спорт түріне айналуда.

«Қазақстан барысы» өткен алғашқы жылы іріктеу жарысында бүкіл Алматы қаласы бойынша бары-жоғы 32 палуан өзара бақ сынасқан еді. Екінші жылы осындай іріктеу сайыстарына әр ауданның өзінен 12-16 палуаннан шықты. Ал биылғы жылға келетін болса, әрбір аудандық іріктеу сайыстарына 25-30 палуаннан қатысты. Қызығушылық өте жоғары», — деді Ермек Насиев.

Жалпы еліміз бойынша қазақ күресімен бүгінгі таңда 35 мыңнан астам адам айналысады екен.


Айта кетейік, бүгінгі турнирге аудандық жарыстарда топ жарған14 палуан қатысуда. Ал ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі бойынша қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық төртінші турнирінің ақтық кездесулері алдағы маусым айының 29 жұлдызында Астана қаласында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера