Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылатын байрақты бәсеке 1 желтоқсан күні Алматыда өтеді. Сегіз құрама боз кілемде Еуразия мықтысын анықтайтын болады. Олардың ішінде Моңғолия, Грузия және Ресей мен Польша сынды азулы құрамалар бар. Ал Түркияның орнына биыл Украина командасы қатысуға ниет білдіріпті. Бура санды палуандар сегіз салмақта белдесетін болады. Жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз 10 миллион, екінші орынға 6 миллион және үштікті түйіндеген құрама 4 миллион теңгені қалтасына басады. Биылғы жарыста допингтық бақылау күшейіп, төрешілер құрамы да кәсіби мамандардан құралады.