Алматыда Қазақ-Британ техникалық университетінің басшылығынан 12,8 млн. теңге бопсалаған әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақ-Британ техникалық университетінің басшылығынан 12,8 млн. теңге бопсалаған әйел ұсталды

Алматыда Қазақ-Британ техникалық университетінің басшылығынан 12,8 млн. теңге бопсалаған әйел ұсталды

Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері Қазақ-Британ техникалық университетінің басшылығынан 12,8 млн. теңге бопсалаған әйелді ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінен хабарлады.

  • 7 Қараша 2005
  • 410
Фото - Caravan.kz

Әйел Қазақ-Британ техникалық университетінде бухгалтерлік есеп департаментінің директорынан 1,7 млн. теңге алып жатқан жерінен қолға түсті.

Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің түсініктемесіне сәйкес, әйел Қазақ-Британ техникалық университетінің салық төлемеу дерегі бойынша тексеру жұмыстарына қатысушы сот, салық комитеті және прокуратура қызметкерлеріне пара беру үшін деген желеумен ақша талап еткен.
Әйел талап етілген ақшаны беруден бас тартқан жағдайда сот тарапынан салықты әкімшілік айыппұл мен өсімпұлмен қоса алуға шешім шығарылатынын айтып қоқан-лоққы жасаған.
Қазір әйел уақытша тергеу қапасында отыр. Оның үстінен қылмысқа азғырушылық және ірі көлемде қаржы бопсалау , сенімге кіру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта