Алматыда «Қазақфильмнің» студиясы шығарған "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмінің премьерасы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Қазақфильмнің» студиясы шығарған "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмінің премьерасы болып өтті

Алматыда «Қазақфильмнің» студиясы шығарған "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмінің премьерасы болып өтті

Бүгін Алматыдағы "Мега" сауда ойын-сауық орталығында Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмінің премьерасы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 26 Тамыз 2010
  • 946
Фото - Caravan.kz

Бұл фильм режиссер Фархад Шәріповтың тырнақалды туындысы және ол шығарманың сценарий авторы болып табылады. Фильмнің продюссері Серік Жұбандықов, музыкамен көркемдеген сазгерлер Алексей Фуйфанов пен Тимур Көшеков. Фильм ауылдан келіп, алматылық дәулетті отбасы балаларының дәл ортасына топ ете түскен бас кейіпкердің тағдыры қай қиырларға бастар екен деген сұрақтардың жауабын береді.

Фильм Алматы қаласында түсірілген. Жобаға қазақстандық Фархат Әбдіраимов, Бақтияр Қожа сынды танымал актерлармен қатар, қазақ жастары да көптеп тартылған.

Көпшіліктің асыға күткен фильмнің тұсау кесеріне көрермен көп жиналды. Бұл фильмді арнайы көруге келген халық әртісі Асанәлі Әшімов: «Фильм маған қатты ұнады, кәсіби түсірілген, музыкамен жақсы көмкерілген, монтаждарын өте жақсы жасаған, жастардың ойнағандары да көңілімнен шықты. Режиссердің кәсіби бастамасы жаман емес», деп атап өтті.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының Бас редакторы, жазушы-драматург Дидар Амантайдың пікірінше, бұл фильмнің идеологиялық маңызы бар. «Режиссер бүгінгі жастардың жиренетін тұстарын көрсете отырып, басты рөлде Әнуар Нұрпейісов ойнаған персонажы арқылы жақсы ойды, тәрбиелік маңызы бар ойды жастарға жеткізгісі келеді. Яғни, бірінші орында ақша, ойын-сауық тұрған жоқ, алдыңғы орынға адамгершілік қарым-қатынас, бауырмалдылық, махаббат сияқты адами үлкен қасиеттерді қойған. Бұл фильм бүгінгі жастар туралы түсірілген ең жақсы туынды деп білемін. Әсіресе режиссердің шеберлігін атап өткім келеді», деді ол.

Фильмнің тұсау кесері ертең, 27-сі күні Астана қаласында өтсе, тамыздың 28-і Қарағандыда, 29-ы Шымкент қаласында көрермен назарына ұсынылып, жол тартады.