Жарысқа әскери оқу орындарынан, сондай-ақ әртүрлі әскери түрлерінің өңірлік бөлімшелерінен келген 16 команда қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Аэроұтқыр әскерлері қанжығаларына байлады. Ал үшінші орын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының үлесіне тиді.