Семинар жұмысына жергілікті атқарушы билік органдары, еліміздің банк саласының өкілдері мен отандық компаниялар қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинарды өткізудегі мақсат- 2003-жылдың 8-қаңтарында қабылданған «ҚР инвестиция туралы» заңының негізгі тәртіптерімен, сондай-ақ, инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттарымен таныстыру болмақ.
Мұндай семинарларды Қазинвест бұған дейін Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында өткізген.
Семинар барысында Алматы әкімшілігі мен инвестицияға ықпал жасау жөніндегі Қазақстандық орталығы- «Қазинвест» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.