Алматыда "Қазақстан аймақтарына инвестиция тарту және "ҚР инвестиция туралы" заңын қолдану тәжірибесі" атты семинар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қазақстан аймақтарына инвестиция тарту және "ҚР инвестиция туралы" заңын қолдану тәжірибесі" атты семинар өтеді

Алматыда "Қазақстан аймақтарына инвестиция тарту және "ҚР инвестиция туралы" заңын қолдану тәжірибесі" атты семинар өтеді

21-қазанда Қазинвест пен Алматы қалалық әкімшілігі бірлесе отырып "Қазақстан аймақтарына инвестиция тарту және "ҚР инвестиция туралы" заңын қолдану тәжірибесі" атты семинар өткізеді,- деп хабарлайды "Қазинвест" компаниясы.

  • 17 Қазан 2003
  • 831
Фото - Caravan.kz

Семинар жұмысына жергілікті атқарушы билік органдары, еліміздің банк саласының өкілдері мен отандық компаниялар қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинарды өткізудегі мақсат- 2003-жылдың 8-қаңтарында қабылданған «ҚР инвестиция туралы» заңының негізгі тәртіптерімен, сондай-ақ, инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттарымен таныстыру болмақ.
Мұндай семинарларды Қазинвест бұған дейін Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында өткізген.
Семинар барысында Алматы әкімшілігі мен инвестицияға ықпал жасау жөніндегі Қазақстандық орталығы- «Қазинвест» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар