Алматыда Қазақстан черлидинг федерациясының кубогы үшін жарыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан черлидинг федерациясының кубогы үшін жарыс өтеді

Алматыда Қазақстан черлидинг федерациясының кубогы үшін жарыс өтеді

Алматыда 18 желтоқсанда «Достық» спорт кешенінде Қазақстан черлидинг федерациясының кубогы үшін балалар мен жастар командалары арасында жарыс өтеді.

  • 9 Желтоқсан 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Онда черлидинг мектептері, спорт командаларын қолдау топтары, би ұжымдары, dance студиялары, фитнес клубтар мен жоғары оқу орындарының өкілдері — CHEER, CHEER DANCE, CHEER DANCE SHOW аталымдары бойынша өзара сайысқа түседі. Бұл жарысты Қазақстан черлидинг федерациясы мен ҚР Спортты дамыту қоры бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Өткен ғасырда АҚШ-та дүниеге келген спорттың бұл түрінен Қазақстандағы алғашқы фестиваль 2006 жылы Қарағандыда өткен болатын. 2007 жылы 4 сәуірде Қазақстан черлидинг федерациясы ресми түрде тіркелді. Ал 27 шілдеде Халықаралық және Азиялық черлидинг федерацияларына мүше боп кірді. Қазіргі таңда черлидинг Астана, Орал, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Талдықорған, Талғар, Теміртау, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында қарқынды түрде дамып келе жатыр. Мәселен, Алматыда онымен айналысатын 64 команда бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера