Жарияланды: 550

Алматыда Қазақстан экономикасындағы кәрістердің рөлі талқылануда

Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс тепкен өзге ұлыс өкілдері арасында қазақтармен қоян-қолтық араласып, еркін сіңісіп кеткендердің бірі кәрістер.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан экономикасындағы кәріс ұлты» деп аталатын 5-ші халықаралық конференцияда айтылды. «Кахак» ғылыми-техникалық қоғамы құрылғары бері өтіп келе жатқан бұл конференция биыл Қазазақстанды кәріс ұлтының мекендегеніне 75 жыл толуына және қоғам қайраткері әрі көрнекті ғалым Ким Илья Лукичтің 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Оны Қазақстандағы кәріс халқы қауымдастығы, Алматы қаласындағы кәріс мәдени орталығы, «Кахак» ғылыми-техникалық қоғамы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі халықаралық кәрістану орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр», - дейді «Кахак» ғылыми-техникалық қоғамының президенті Иван Пак. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толды. Екі елдің саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастығына Қазақстандағы кәрістер көпір болып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін