Алматыда Қазақстан мен Оңтүстік Корея кәсіпорындарының бизнес- кездесуі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан мен Оңтүстік Корея кәсіпорындарының бизнес- кездесуі өтіп жатыр

Алматыда Қазақстан мен Оңтүстік Корея кәсіпорындарының бизнес- кездесуі өтіп жатыр

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымының көлемі 2010 жылы 760,2 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Оңтүстік Корея кәсіпорындар өкілдерінің бизнес-кездесуінде айтылды.

  • 28 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды жақсарту мақсатындағы бұл шара Оңтүстік Кореяның Қазақстан, Ресей және Белорус елдеріндегі сауда қызметі аясында ұйымдастырылып отыр. Онда Қазақстан кәсіпкерлері елден шықпай-ақ Оңтүстік Корея өнідірісшілермен жекелей келіссөз өткізіп, сауда қатынасын орнатуға мүмкіндік алады. Кореялық делегация құрамында — ВТК СО LTD, SENKO, OK INDUSTRY INC, Join Enterprise LTD, Uni-Cof Korea, CAROS CO LTD, DBK KOREA.CO LTD, UKB Co LTD, Latech Korea Co LTD сияқты 9 компанияның өкілдері бар.

«Ағымдағы жылы Қазақстандағы Оңтүстік Корея жылы деп жарияланып отыр. Былтыр Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылы деп жариянған. болатын. ҚР Статистикалық агенттігінің деректеріне қарағанда былтыр екі елдің арасында тауар айналымында экспорт — 232,9 млн. доллар, ал импорт — 527,3 млн. долларды құраған. Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынытмақтастық жылдам қарқынмен дамуда. Қазіргі таңда Қазақстанда кәрістердің капиталының қатысумын 300-ден астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасауда», — дейді Алматы қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы Президумының төрағасы Мұхтархан Бияров. Оның айтуынша, Қазақстанға Оңтүстік Кореядан негізінен электроника, құрал-жабдық пен машина жасау өнімдері импорттап, уран, ферроқорытпа, алтын мен мысты экспорттайды.

Соңғы жаңалықтар