Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, арнаулы қызмет басшылары лаңкестікпен және экстремизммен, есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы екіжақты өзара ықпалдастықты жандандыруға, сонымен қатар жедел-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты нақты ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды талқылады.
Сонымен қатар, мемлекет басшыларының келісімін жүзеге асыру аясында ҰҚК Әскери институтында Тәжікстан Республикасының Шекарашылар жасағы үшін мамандар дайындау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті