Алматыда Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы шекаралық теміржолдардың аралас комиссияларының 12-кеңесінің хаттамасына қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы шекаралық теміржолдардың аралас комиссияларының 12-кеңесінің хаттамасына қол қойылды

Алматыда Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы шекаралық теміржолдардың аралас комиссияларының 12-кеңесінің хаттамасына қол қойылды

Бүгін, 22-қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы шекаралық теміржолдардың аралас комиссияларының 12-кеңесінің хаттамасына қол қойылды. Бұл туралы бүгін кеңестің жабылуында "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-ның вице-президенті Қалтай Сәмбетов мәлімдеді деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 400
Фото - Caravan.kz

Қ.Сәмбетовтың айтуынша, тараптар Достық-Алашанькоу өткелегі арқылы тасымалданатын жүк көлемін 8 млн. тоннаға дейін жеткізуге келіскен. Сондай-ақ, жүк тасымалдаушы отарбалардың кең соқпақпен тәулігіне 8 жұптан, тар соқпақпен 6 жұптан қатынауы туралы уағдаластыққа қол қойылды.

Ал жолаушы тасымалы туралы мәселеде тараптар жолаушы тасымалдаушы отарбалардың Достық бекетінде кедендік және техникалық тексеруге байланысты аялдайтын мерзімін 6-дан 4 сағатқа дейін қысқартуға келісті.

Соңғы жаңалықтар