Алматыда "Қазақстан Республикасында біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту - білім сапасын қамтамасыз етудің басты факторы" тақырыбында республикалық семинар өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қазақстан Республикасында біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту - білім сапасын қамтамасыз етудің басты факторы" тақырыбында республикалық семинар өтіп жатыр

Алматыда "Қазақстан Республикасында біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту - білім сапасын қамтамасыз етудің басты факторы" тақырыбында республикалық семинар өтіп жатыр

Бүгін Алматыдағы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен аталмыш институттың ұйымдастыруымен

  • 4 Шiлде 2011
  • 755
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасында біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту — білім сапасын қамтамасыз етудің басты факторы» деген тақырыпта Республикалық семинар өтіп жатыр.

Семинардың жұмысына ҚР БҒМ құрылымдық бөлімдерінің, республикалық ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары бастықтарының орынбасарлары, сонымен қатар, облыстық біліктілікті арттыру институттарының, педагогикалық жоғары оқу орындары жанындағы аймақтық біліктілікті арттыру орталықтарының басшылары және аймақтық біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталықтарының директорлары қатысуда.

Екі күнге созылатын семинар барысында ваучерлік жүйеге өту жағдайындағы біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту мен даму болашағы, ҚР біліктілікті арттыру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу мәселелері талқыланатын болады, сонымен қатар, біліктілікті арттырудағы модульдік бағдарламаларды құрастыру және іске асыру, біліктілікті арттыру жүйесінде құзырлылық амалы негізіндегі білім беру сапасын басқару, инклюзивті білім беретін педагогтар даярлаудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі сынды сұрақтар қаралатын болады.

Семинар қорытындысы бойынша біліктілікті арттыру институттары қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз ету туралы ұсыныстар қабылданбақ.

Соңғы жаңалықтар