Алматыда "Қазақстан Республикасындағы азаматтар денсаулығын қорғау туралы" заң жобасы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қазақстан Республикасындағы азаматтар денсаулығын қорғау туралы" заң жобасы талқыланды

Алматыда "Қазақстан Республикасындағы азаматтар денсаулығын қорғау туралы" заң жобасы талқыланды

Бүгін, 30-наурызда Алматыда "Қазақстан Республикасындағы азаматтар денсаулығын қорғау туралы" заң жобасы талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Наурыз 2004
  • 1030
Фото - Caravan.kz

Жұмыс тобының отырысына парламент депутаттары, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, республикалық ҒЗИ-ның, дәрігерлік мекемелер мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, үкімет тарапынан ұсынылған «Қазақстан Республикасындағы азаматтар денсаулығын қорғау туралы» заң жобасы 1997-жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы заң талаптарын 90 процент қайталайды.
«Осындай заңды қабылдаудың қажеті бар ма? Заң жобасы дәл қазіргідей күйде қабылданбайтыны анық. Сол себепті оған түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Бұл іс алдағы 2 айда тындырылады»,- деп қорытты өз сөзін жұмыс тобының жетекшісі, мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов.
Дөңгелек үстелге қатысушылар 30-дан астам түзетулер ұсынды. Олардың арасында мемлекеттік ауруханада ақылы қызмет көрсетпеу, трансплантация және қан тапсыру сынды мәселелер бойынша биоэтикалық проблемалардың басын ашып алу тәрізді ұсыныстар бар. Профессор Нина Қайыпованың айтуынша, «қазіргі таңда республикаға көптеген заңдар топтамасынан тұратын Ұлттық денсаулық туралы біртұтас Кодекс қабылдау керек. Бірақ ол үшін қазіргідей 10 заңның орнына 130-дай заң қажет».
«Қазақстан Республикасындағы азаматтар денсаулығын қорғау туралы» заң жобасын денсаулық сақтау министрлігі жасап, үкімет оны 2003-жылдың желтоқсан айында талқылауға ұсынды.
Жұмыс тобы түзетулер енгізіп, үкімет қорытындысы шыққаннан екі айдан кейін «Қазақстан Республикасындағы азаматтар денсаулығын қорғау туралы» заң жобасы парламент депутаттарының талқысына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар