Алматыда "Қазақстан стамотологиясы-2005" атты халықаралық ғылыми конгресс өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қазақстан стамотологиясы-2005" атты халықаралық ғылыми конгресс өтуде

Алматыда "Қазақстан стамотологиясы-2005" атты халықаралық ғылыми конгресс өтуде

Бүгін, 17-мамырда Алматыда Қазақстан тіс дәрігерлерінің Қауымдастығы мен Дүниежүзілік Стамотологтар Федерациясы(FDI) ұйымдастырған "Қазақстан стамотологиясы-2005" атты халықаралық ғылыми конгресс ашылды,- деп хабарлайды kz-today тілшісі. Биыл бұл конгресске Дүниежүзілік Стоматологтар Федерациясының президенті Dr. HR Yoon келді. Өз сөзінде ол тіс емдейтін озық үлгілі құрал-жабдықтар жағынан Қазақстан батыс елдеріне дес бермейтінін атап өтті.

  • 18 Мамыр 2005
  • 713
Фото - Caravan.kz

Дегенмен, еліміз тұрғындарының 95 пайызы тіс, жақ-сүйек немесе ауыз қуысы ауруларынан зардап шегеді. ҚР денсаулық сақтау вице министрі Сәуле Диқанбаеваның айтуынша, елімізде тегін стамотологиялық көмек көрсету жүйесі дұрыс жолға қойылмаған. Тіс емдеу қызметінің шамамен 30 пайызы ғана тегін жүргізіледі.

Осыған орай, денсаулық сақтау Министрлігі 2005-2007 жылдарға арналған стоматология саласын жаңалау бағдарламасын әзірледі.
«Келесі жылдан бастап 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен екіқабат әйелдерге тегін стамотологиялық көмек көрсетіліп, ауыл-аймақтарға автокөлік ішінде орналасқан жылжымалы стамотологиялық кабинеттер жіберіледі»,- дейді вице министр.
Сонымен қатар бұл конгресте кейінгі кездері жақ және ауыз-қуысының қатерлі ісік дертінің белең алып бара жатқаны айтылды.

Перейти к новостям спорта