Жарияланды: 490

Алматыда «Қазақстан табиғатын балалар қорғайды» атты акция өтіп жатыр

Бүгін Алматыдағы Алмарасан шатқалында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Алмалы ауданының және «Экологиялық орталық» қоғамдық қорының 75 жылдығына арналған «Қазақстан табиғатын балалар қорғайды» атты акция өтіп жатыр.

Алмалы ауданы әкімдігі мен «Жасыл ел» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға аудан әкімдігінің өкілдері, «Жасыл ел» ұйымының белсенді жастары мен қала оқушылары қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - шатқал аумағын тазалау ғана емес, ел жастары бойында патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады. Акция аясында бүгін қатысушыларға арналған «Экологиялық тәрбие» атты семинарлар мен әр түрлі байқаулар ұйымдастырылатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін