Алмалы ауданы әкімдігі мен «Жасыл ел» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға аудан әкімдігінің өкілдері, «Жасыл ел» ұйымының белсенді жастары мен қала оқушылары қатысуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты — шатқал аумағын тазалау ғана емес, ел жастары бойында патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады.
Акция аясында бүгін қатысушыларға арналған «Экологиялық тәрбие» атты семинарлар мен әр түрлі байқаулар ұйымдастырылатын болады.