Алматыда Қазақстан велоспортына арналған велошеру өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан велоспортына арналған велошеру өтеді

Алматыда Қазақстан велоспортына арналған велошеру өтеді

Алматыда 24-шілде күні қазақстандық кәсіпқой "Астана" велоклубы мен оның капитаны Александр Винокуровтың құрметіне велошеру өтеді. "Тур де Франс" көпкүндігінің ақырғы жарыс күні болатын бұл шараны Алматы велоклубы ұйымдастырып отыр.

  • 19 Шiлде 2011
  • 418
Фото - Caravan.kz

Ол Бауыржан Момышұлы көшесінен басталып Абай даңғылы бойымен Орталық стадионың солтүстік қақпасында сөреге жетпек.

2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған А. Винокуров кәсіпқой спортта бұған дейін Тур де Франс көпкүндігі кезеңдерінің бірнеше дүркін және Вуэльта, Париж-Ницца, Dauphine Libere көпкүндіктері мен біркүндік Льеж -Бастонь-Льеж, Амстел Голд Рейс жарыстарының жеңімпазы атанған еді. Биыл «Тур де Франс» көпкүндігінің кезекті кезеңдік жарыстарында жарақат алған қазақстандық шабандоз жарыс жолынан ерте шығып қалған еді. Кеше үлкен спорттан кететінін мәлімдеген ол алдағы уақытта өзінің осыған дейін жинаған барлық білімі мен тәжірибесін «Астана» велоклубында жетекшілік қызметте пайдалануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар