Алматыда Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

Алматыда Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

Бүгін, 21-қазанда Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қазан 2004
  • 364
Фото - Caravan.kz

Кездесуде 22-қазанда Алматыда өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуына дайындық барысы талқыланды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл бас қосуға Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан тәрізді 16 мемлекеттің сыртқы істер министрлері қатысады.
Бұл жолғы отырыста Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының жарғылық құжаттары — кеңеске қатысушылар арасында сенім орнатудың басты қадамдарын қамтитын өзара сенім шараларының каталогы мен процедуралардың ережесі (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының регламенті) қабылданады.
Бұған қоса кездесуге қатысушылар қорытынды декларация қабылдап, онда халықаралық лаңкестікпен күрес мәселелері мен Таяу шығыс, Ирак және Ауғанстан тәрізді аймақтық өзекті проблемалар бойынша тараптардың ұстанымын жария етеді.

Перейти к новостям спорта