Алматыда Қазақстан жұлдыздарының концерті болады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан жұлдыздарының концерті болады

Алматыда Қазақстан жұлдыздарының концерті болады

Алматыда 5-6 сәуір күндері Республика сарайында Республикалық Ұланның 20 жылдығына арналған Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

  • 2 Сәуiр 2012
  • 418
Фото - Caravan.kz

Оған Айман Мұсақожаева, Нұрлан Өнербаев, Арыстанбек Мұхамедияұлы, Мұрат Шалабаев, Досымжан Таңатаров, Ардақ Балажанова, Элмұра Жанабергенова, Клара Төленбаева мен «Белес», «Аламан», «Ғасыр» топтары сияқты түрлі өнер шеберлері қатысады.

Республикалық ұлан 1992 жылы 16-наурызда ҚР Президенті Жарлығымен Алматы облысы Қарасай ауданындағы Кроасный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде құрылды. 1995 жылдың 5 желтоқсанында Елбасы «Респуликалық ұлан туралы» Заң күші бар Жарлыққа қол қойды. Онда Республикалық ұланның тікелей ҚР Президентіне бағынатыны және ҚР Қарулы Күштері құрамына кірмейтіні айқындалды. Республикалық ұлан Мемлекет басшысы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жоралғылық рәсімдерге қатысады, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.

Перейти к новостям спорта