Алматыда Қазақстан журналистерінің ІҮ конгрессі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан журналистерінің ІҮ конгрессі басталды

Алматыда Қазақстан журналистерінің ІҮ конгрессі басталды

Бүгін, 18-сәуірде Алматыда Қазақстан журналистерінің ІҮ конгрессі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Сәуiр 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz

Форумға еліміздегі жалпыұлттық ірі БАҚ-тардың басшылары, аймақтық БАҚ-тардың бас редакторлары, танымал журналистер, еліміздің танымал қоғам және саяси қайраткерлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Бас қосуда «БАҚ туралы заң төңірегіндегі ахуал» мен «БАҚ-тар мен журналистер құқығын бұзу деректері» жайында талқыланады.
Мәселен алғашқы отырыстың күн тәртібіне «Қазақстандық БАҚ-тарға қатысты ахуал», «Қазақстан журналистерінің конгрессі дайындаған заң жобасы», «БАҚ туралы заңға қатысты ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бастамалары», «Мемлекеттік мекемелер мен БАҚ-тар арасындағы қарым-қатынас», «Мемлекеттік тіл және БАҚ» тәрізді мәселелер енгізілген.
Ал екінші отырыста «Ақпараттық дау-дамайларды шешуге арналған сот тәжірибесі», «Журналистер құқығын бұзуға қатысты статистика», «Меншік иесі мен шығармашылық ұжым арасындағы қарым-қатынас», «Сот прецедентіне қатысты түсініктеме, мемлекеттік сатып алу және аккредитация мәселелері», «Қазақстандағы БАҚ рыногының даму перспективасы» сынды мәселелер сарапқа салынады.

Перейти к новостям спорта