Алматыда Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту бағдарламасы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту бағдарламасы талқыланды

Алматыда Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту бағдарламасы талқыланды

Баспа өнімдерін тарату бәсекелестік ортаға берілгендігіне қарамастан жекелеген тұлғалар бұл нарықты басыбайлы өздеріне теліп алған жағдайлар жиі орын алуда.

  • 6 Қараша 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кеше, Алматыда өткен «Отандық журналдар: өзекті мәселелері және болашағы» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстел жиналысындай айтылды.

Оны баспасөз өнімдерін таратушылардың, республикалық және салалық журналдардың бас редакторларының, мүдделі министрліктер мен журналдарды шығарушы қауымдастық өкілдерінің қатысуымен «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бұл басқосуда қазіргі дайындалып жатқан Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамытудың бағдарламасы талқыланды. Отандық газет-журнал өнімдерін таратудың балама түрлерін қолдану жолдары қаралып, аталған іс-шара аясында еліміздегі ең танымал көп тиражды жетекші отандық журналдарының көрмесі ұйымдастырылады.

Мамандардың айтуынша, жаңа бағдарлама жеке сату торабы арқылы баспа өнімдерін өткізу мәселелерін шешуге оң ықпал етпек. Өйткені ашық сауда алаңында баспасөз өнімдерін тарату редакциялар үшін қиын жағдайда. Онда әсіресе, қазақ тілінде шығарылатын өнімдер өте күрделі жағдайда қалуда. Қазақ тіліндегі журналдар мен газеттер сатылатын дүңгіршіктердің саны саусақпен санарлықтай ғана. Ал басқа дүңгіршіктер мемлекеттік тілдегі өнімдерді сатуға құлықтылық танытпай келеді. Сол себепті қазір қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің жарнамаларын өзге елдердің басылымдарында орналастырады.

Соңғы жаңалықтар