Алматыда Қазақстанның І салық форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстанның І салық форумы өтеді

Алматыда Қазақстанның І салық форумы өтеді

АЛМАТЫ. 17-қазан. Kazakhstan Today. Алматыда 31-қазанда "Қазақстан Республикасының қазіргі даму сатысындағы салық жүйесінің ахуалы: мәселелер мен оның шешу жолдары" атты Қазақстанның І салық форумы өтеді. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Қазан 2006
  • 491
Фото - Caravan.kz

Форумның ұйымдастырушылары — Халықаралық қазіргі саясат институты, «Салық сарапшысы» қазақстандық компаниясы және «Делойт ТСФ» халықаралық кеңестік фирмасы. Форумның басты тақырыбы салық жүйесін дамыту және заманауи салық саясатын жетілдіру мен Қазақстанда құқықты қолдану тәжірибесі жайында болмақ. Атап айтқанда, салықтық басқаруды жетілдіру мен соттарда салық төлеушілердің мүддесін қорғау мәселелері; Республикада салық және кеден саясатын жүзеге асыруда басты тосқауыл болып табылатын жемқорлық мәселесі; салық қатынастары шеңберінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен әлеуметтік әріптестігі мәселесі талқыланбақ.

Сонымен бірге баспасөз мәслихатында елімізде Қаржы және салық құқығы жөніндегі ғылыми-зерттеу институты құрылғаны мәлім болды.

Институт жетекшісі болып тағайындалған «Салық сарапшысы» ЖШС басқарушы әріптесі Евгений Пороховтың айтуынша, жаңа ҒЗИ салық және қаржылық құқық саласы бойынша ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу, қаржы саласында қиындықтарға душар болған тұлғаларға ақыл-кеңстер мен ақпараттар беру, қаржылық және салық сараптамасын жасау жұмыстарымен шұғылданатын болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта