Алматыда "Қазақстанның индустриялық және экологиялық әлпеті" деп аталатын халықаралық конференция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қазақстанның индустриялық және экологиялық әлпеті" деп аталатын халықаралық конференция өтеді

Алматыда "Қазақстанның индустриялық және экологиялық әлпеті" деп аталатын халықаралық конференция өтеді

Маусымның 27-28 жұлдызында Алматыда "Қазақстанның индустриялық және экологиялық әлпеті. Зерттеулер мен талдау жасауда Александр фон Гумбольд дәстүрін пайдалану" тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы Қазақстандағы Германия елшілігінің баспасөз бөлімінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 23 Маусым 2003
  • 599
Фото - Caravan.kz

Бұл — Александр фон Гумбольд атындағы қордың бұрынғы стипендиаттарын біріктірген ғылыми бірлестік — «Гумбольд Клубы» өткізіп отырған алғашқы ауқымды шара болып табылады. Бірлестік Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшілігінің бастамасы және қолдауымен 2002-жылы қарашада құрылған. Клубты профессор Рахметқажы Берсімбаев басқарады.

Конференцияға Александр фон Гумбольд атындағы қордың шәкіртақысына ие болған Қазақстандық, Қырғызстандық және Өзбекстандық ғалымдар мен зерттеушілер қатысады.
Аталмыш қор танымал географ-ғалым әрі жиҺанкез Александр фон Гумбольдтің құрметіне құрылған. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына ала жұмысын доғарған қор 1953-жылы қайтадан құрылған болатын. Биыл аталмыш қордың 50-жылдық мерейтойы өтеді.
Александр фон Гумбольд атындағы қор шетелдік ғалымдар мен жоғары оқу орны түлектеріне, олардың жыныстық, нәсілдік, діни және көзқарастық өзгешеліктеріне қарамастан грант және шәкіртақы бөлу негізінде Германия Федеративтік Республикасында зерттеулер жүгізуге жағдай жасап, ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға үлес қосады ,- делінген елшілік хабарламасында.
1988-жылдан бері қазақстандық 10 ғалым Германия Федеративтік Республикасында бірнеше жыл бойы зерттеулер жүгізіп , Александр фон Гумбольд атындағы қордың ауқымды бағдарламаларына атсалысқан көрінеді.

Соңғы жаңалықтар