Алматыда Қазақстанның паллиативтік көмек қауымдастығы 10 жылдығын атап өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстанның паллиативтік көмек қауымдастығы 10 жылдығын атап өтіп жатыр

Алматыда Қазақстанның паллиативтік көмек қауымдастығы 10 жылдығын атап өтіп жатыр

Осыған орай, Caspian University қабырғасында  «Қайырымдылық қоғамдастығы: Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығына 10 жыл» атты VIII республикалық конференциясы өтуде. Бұл гуманитарлық философияны және Қазақстандағы паллиативтік көмектің үздік әлемдік тәжірибесін насихаттайтын коммерциялық емес, үкіметтік емес, қайырымдылық  қауымдастығы.

  • 21 Желтоқсан 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Паллиативтік көмек – өміріне қауіп төндіретін, емделмейтін аурумен бетпе-бет келген балалар мен ересектердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да қызметтер кешені.

— Нұрсұлтан Назарбаев Қоры құрылған күннен бастап Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығымен (ҚПКҚ) белсенді ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Ұйым 10 жыл ішінде ауыр, емделмейтін аурулары бар адамдарға жүйе деңгейіне дейін дерлік нөлден бастап көмектескенін айта кеткен жөн. Қор нормативтік базаны құру, стандарттарды, клиникалық хаттамаларды әзірлеу, хоспистер мен үйде паллиативтік көмек көрсету қызметтерін ашу, қажеттіліктер мен ресурстарды зерттеу және талдау, жүздеген мамандарды – дәрігерлерді, медбикелерді, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді және волонтерлерді оқыту бойынша да қоғамдасдыққа әрдайым көмектесуге дайын, – деді Қор жобаларының аға үйлестірушісі Гүлнар Ершіманова.

Бүгінде өткізіліп жатқан конференция паллиативтік көмек қоғамдастығының жетістіктерін көрсетуге, көмекті ұйымдастырудың жаңа технологияларын енгізуге, Қазақстандағы паллиативтік көмекті дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылауға арналған.

Іс-шараға еліміздің әр өңірінен медициналық, әлеуметтік және психологиялық салада қызмет ететін 250-ден астам маманы қатысуда. Конференция барысында сарапшылар мен тыңдаушылар паллиативтік көмекті оқыту мен практикалық ұйымдастыру мәселелерін кеңінен талқылап, оның әлеуметтік-психологиялық, коммуникативті және клиникалық аспектілерін қарастырды.

Сондай-ақ, өнімдері ауыр науқастарға күтім көрсетуді жақсартуға және жеңілдетуге бағытталған компаниялардың көрмесі, интерактивті тренинг және Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрінің өнерімен мемориалдық медальдар мен құрмет грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Форум соңында қарар қабылданады.

Шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ҚПКҚ, Қазақ окология және радиология ғылыми-зерттеу институты(ҚазҰҒЗИ) ұйымдастырып отыр.