Алматыда қазіргі заман талабына сай жаңа пошталық жәшіктер орнатыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қазіргі заман талабына сай жаңа пошталық жәшіктер орнатыла бастады

Алматыда қазіргі заман талабына сай жаңа пошталық жәшіктер орнатыла бастады

Алматы көшелерінде қазіргі заман талабына сай жаңа пошталық жәшіктер орнатыла бастады. Олар хаттарды алу барысына электрондық бақылау жасау жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазпошта ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 605
Фото - Caravan.kz

Осындай алғашқы жәшік Сейфуллин даңғылы мен Бөгенбай батыр атындағы көшелердің қиылысында Қазпошта ААҚ-ның орталық аппараты орналасқан ғимараттың жанына орнатылды. Жыл соңына дейін қалада осындай тағы да 30 жәшік орнатылмақшы.

Дербес коды бар қондырғымен жабдықталған қазіргі заман талабына сай бұл жәшіктер Алматыдағы «Эталон» зауытында жасалған. Олар ашық-сары түсті. Ал Алматыдағы жалпы саны 193-ті құрайтын дәстүрлі көк жәшіктер жаңасына алмастырылғанға дейін әжетке жаратылады. Жәшіктерден хаттарды алуға міндетті Қазпошта қызметкерлері арнаулы электрондық есептеу жабдығымен қамтамасыз етіледі. Хаттарды жәшіктен алуға байланысты барлық деректер тіркеліп, маршрут аяқталғаннан кейін жиналған хаттар туралы мәліметтер, атап айтсақ, хаттарды жәшіктен алу мерзімі, хаттарды алу кестесіне бағыну жағдайы, бағыттағы жәшіктердің барлығынан бірдей хаттар толыққанды алынды ма, жоқ па деген мәліметтер компьютерге келіп түседі. Қазіргі заман талабына сай жаңа жәшіктер сондай-ақ, хаттардың дер кезінде дұрыс жинап алыну жағдайын қосымша қадағалауға мүмкіндік береді.
ТМД елдері аясында мұндай жәшіктер қазіргі жағдаймен Украина мен Эстонияда орнатылған.

Соңғы жаңалықтар