Алматыда Қазкоммерцбанктің республикалық "Экспресс-К" газетіне қарсы түсірген шағымы бойынша сот мәжілісі басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазкоммерцбанктің республикалық "Экспресс-К" газетіне қарсы түсірген шағымы бойынша сот мәжілісі басталады

Алматыда Қазкоммерцбанктің республикалық "Экспресс-К" газетіне қарсы түсірген шағымы бойынша сот мәжілісі басталады

Бүгін, 9-қарашада Алматы экономикалық сотында Қазкоммерцбанктің республикалық "Экспресс-К" газетінің қожайынына қарсы түсірген іскерлік беделді қорғау және 10 млн. доллар көлемінде моральдық шығынды өтетіп алу туралы шағымы бойынша сот мәжілісі басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2004
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 14-қыркүйегінде республикалық «Экспресс-К» газетінде «Вот это болт! Нам грозит дефолт…» атты мақала жарияланып, автор онда Қазкоммерцбанкке банкроттық қаупі төнгені, банктің қаржылық ахуалының мүшкілдігі туралы мәлімдеген.

Қазкоммерцбанк газеттен бұл ақпаратты жоққа шығаруды және жариялы түрде кешірім сұрауды талап еткен болатын. Алайда, заңнама бойынша 30 күндік мұрсаты болған «Экспресс-К» газеті тарапынан ақпарат жоққа шығарылмады және жариялы түрде кешірім сұралмады.
«Аталған талаптарды орындату үшін банк сот мекемесіне шағым түсіруге мәжбүр»,- дейді банктің баспасөз қызметіндегілер.

Перейти к новостям спорта