Алматыда қираған үйін жезөкшелер ордасына айналдырған адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қираған үйін жезөкшелер ордасына айналдырған адам ұсталды

Алматыда қираған үйін жезөкшелер ордасына айналдырған адам ұсталды

Алматы полицейлері Түрксіб ауданында қараусыз қалған қос қабатты ғимараттың ішінде жезөкшелер жынойнағы бар екендігін анықтады.

  • 5 Қазан 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Тексеру барысында үйде 10 шақты бойжеткен ақылы жыныстық қызмет көрсетіп келгені анықталды. 
«Бөлмелер бірнеше бөліктерге бөлінген. Еденге матрацтар төселген. Кей бөлмелерде темір төсектер орнатылған. Ғимарат майлы жылытқышпен жылытылып келген. Жуыну бөлмелері мен әжетхананың ішіне адам қолы тимеген, лас», — деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов. 
Жергілікті рейдтің нәтижесінде жеңіл жүрісті нәзік жандылар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматшалары болып шықты. 
Таңат Назановтың айтуынша, ғимарат қожайыны қазір ұсталды. Үйді жыныстық қатынас көрсететін орынға айналдырғаны үшін ол ҚР ӘҚбК 450 бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылады.
2
3
4
5
6