Жарияланды: 50

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары пәтерлеріне оралады: зерттеу қорытындылары пайда болды

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары пәтерлеріне оралады: зерттеу қорытындылары пайда болды

Алматыдағы Зерделі-6 ауданындағы қисайған тұрғын үйлер қазақстандықтардың үрейін ұшырып, наразылықтарын тудырған еді.

Билік осы мәселеге қатысты шешім шығарып, үйдің іргетасын қайта бекітпекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерделі-6 ауданында қисайып қалған №179 үйдің тұрғындарымен кездесу кезінде Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институту жүргізген зерттеу жұмысының қорытындылдары жарияланды. Мамандардың айтуынша, үй жөндеу жұмыстарынан соң, қайта тұруға беріледі.

Басқарманың хабарлауы бойынша, биылғы жылдың ақпанында институттың зерттеу қорытындысы мен берген кеңестерін негізге алып, құрылыс жұмыстарын бастау көзделді. Қисайған жерді дұрыстау үшін оның қарама-қарсы жағынан топырақ алынады.

"Мекеменің іргетасын бекіту жұмыстары, қисайған жерді дұрыстау, барлығы институттың бақылауымен жүзеге асады. Институт құрылыс проблемаларына, соның ішінде жерсілкіну қаупі бар аймақтарға жауап бере алатын Қазақстандағы жалғыз мекеме", -деді қалалық Ыңғайлы орта басқармасының басшысы Қуандық Аймағамбетов.

Мамандар қисайған үйдің барлық проблемаларын шешіп бітуді көздеді. Сондықтан құрылыс жұмыстары үш айға созылуы мүмкін. Қазіргі уақытта үйдің тұрғындары қала әкімдігі жалға алып берген баспаналарда күн көріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін