Алматыда қоғамдық көлікте жаңадан енгізілген «Оңай» терминалын қасақана сындырып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қоғамдық көлікте жаңадан енгізілген «Оңай» терминалын қасақана сындырып кеткен

Алматыда қоғамдық көлікте жаңадан енгізілген «Оңай» терминалын қасақана сындырып кеткен

Алматыда жеке автопаркке тиесілі жолаушы тасымалдайтын автобуста жаңадан енгізілген «Оңай» жол жүру терминалының қасақана сындырылғандығы анықталды.

  • 3 Қараша 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Алматы қ. көлік Холдингі» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл оқиға №13-ші бағытта жүретін, «Киікбай» ЖШС-ға тиесілі автобустың салонында 1-ші қараша күні болған. Осыған байланысты «Көлік картасы» ЖШС қызметкерлері акт толтырып, оған «CVB24 master жүйесі механикалық сипатта бүлінген, ал LCD дисплей сыныдырылған. Қондырғы енді іске жарамсыз», — деп жазылды.

«Электронды билет жүйесінің жұмысына қажетті жабдықтың сақталуына тасымалдаушылар жауап береді. Осы мақсатта материалдық жауапкершілік жөніндегі келісімшартқа қоса, қабылдау-тапсыру актісі толтырылған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр»,  — деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген түсініктемесінде «Алматы қ. көлік Холдингі» ЖШС қызметкері Эльмира Киргеева.

Айта кетелік, CVB24 master, яғни «Оңай» терминалының бағасы — 232 873,49 теңге, ал монтаждау бағасы  — 51 544,13 теңге тұрады.


Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда Алматы қаласының бүкіл жерүсті қоғамдық көліктері электронды билет беру жүйесімен жасақталған. 

null null  

Соңғы жаңалықтар