Алматыда қоғамдық көліктерде ақы төлеудің жаңа жүйесі 2016 жылдың 11 қаңтарынан басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қоғамдық көліктерде ақы төлеудің жаңа жүйесі 2016 жылдың 11 қаңтарынан басталады

Алматыда қоғамдық көліктерде ақы төлеудің жаңа жүйесі 2016 жылдың 11 қаңтарынан басталады

2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Алматыдағы барлық қоғамдық көліктер ақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеді.

  • 23 Қараша 2015
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Қала тұрғындары карталарды белсенді түрде сатып алып жатыр. Жүргізілген мониторингке сәйкес, электронды билеттендіру жүйесі 11 қаңтардан бастап толығымен іске қосылады», — деді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков.

Ескі төлем жүйесі жылдың соңына дейін жұмыс жасайтын болады. Жаңа жүйе айналымнан нақты ақшаны алып тастауға бағытталған.

«Жол жүру билеттерінен бас тарту уақытша көрініс табатын болады. Оны енгізу үшін жолаушылар ағыны туралы нақты статистика керек. Сонан соң ғана тасымалдаушыларға демеу қаржы бере аламыз», — деді Д.Әлімбеков.

Айта кету керек, Алматы әкімдігі қоғамдық көлікте жаңа төлем жүйесін енгізген болатын. 1 қазаннан бастап, жолаушылар «Оңай» терминалдары арқылы ақы төлеп келеді. 


Соңғы жаңалықтар