Алматыда қоғамдық көліктерді жол ақысы қымбаттамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қоғамдық көліктерді жол ақысы қымбаттамайды

Алматыда қоғамдық көліктерді жол ақысы қымбаттамайды

 Алматыда қоғамдық көліктерде жол ақысы қымбаттамайды.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz


   Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Ерлан Әділов хабарлады.
«Бүгінгі күнге дейін тасымалдаушылардан жол ақысын қымбаттату туралы өтініш түскен жоқ. Сондықтан басқарма тарифті көтеру мәселесі қарастырып жатқан жоқ», — деді Е.Әділов дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, заңға сәйкес тариф «үш жылда бір рет, тасымалдаушылардың бастамасы негізінде қаралып отырады». Соңғы рет тариф 2012 жылдың маусым-шілде айларында көтерілген болатын.
Сонымен қатар, «басқарма тарифті қымбаттату мәселесін жыл соңына дейін қарамауды мақсат етіп отырған» көрінеді.
Алматыдағы муниципалды автопарктер табиғи газды пайдаланса, жеке меншік парктердегі көліктің басым бөлігі дизельмен жүреді.

Соңғы жаңалықтар