Жарияланды: 470

Алматыда қойма өртенді

Алматы қаласының Алмалы ауданында бүгін түнде өрт болды. Нұрмақов,2 көшесінде орналасқан «Кулиш» және «Шатаева» жеке кәсіпкерлердің өндірістік-қойма жайлары өртенді,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен. Екіқабатты ғимараттың шатыры өртеніп, жалын 1200 шаршыметрге жайылған. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 02.57-де ауыздықталды, 06. 39 минутта толық сөндірілді. Өрт сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 59 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін