Алматыда қолданбалы өнер шеберлерінің халықарарық көрмесі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қолданбалы өнер шеберлерінің халықарарық көрмесі өтіп жатыр

Алматыда қолданбалы өнер шеберлерінің халықарарық көрмесі өтіп жатыр

Кеше Алматыда ҚР Мемлекеттік музейінде қолданбалы өнердің белгілі шеберлерінің қатысуымен «Шығармашылық маусым» деп аталатын халықаралық көрме ашылды.

  • 27 Сәуiр 2012
  • 539
Фото - Caravan.kz

Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Украина және Үндістан елдерінің қолөнер бұйымдарын жасайтын фирмалар мен 300-ден астам шеберлер қатысуда. Онда бейнелеу және қолданбалы өнердің әртүрлі жанрлары толық қамтылған. Бұлар қазіргі заман суретші-қуыршақ жасаушыларының авторлық жұмыстары — полимер және тез қататын иілгіш пластиктерден, киізден жасалған өнімдер қойылған, сондай-ақ, зергерлік бұйымдары, шығыс миниатюрасы, киіз және жібек бұйымдары, кесте, моншақ, қыш және тағы басқа сыйлықтар мен кәдесый өнімдері.

Жалпы Орталық Азиядағы ең ірі қолөнер көрмесі болып табылатын бұл шара 5 күнге созылмақ. Онда Қуыршақтар мен тедди қонжықтарының «Коллекциялық қуыршақтар» II Халықаралық салоны, Хобби, шығармашылық және қолөнер жұмыстарының «Қолөнер жұмыстары» III Халықаралық көрмесі, «Моншақты ертегі» I Халықаралық байқауы, Қуыршақ жасаушылардың жеке көрмелері мен Қалпақтар сән дефильесі өтеді.

Перейти к новостям спорта