Алматыда қоршаған ортаның дүниежүзілік күніне арналған веломарш өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қоршаған ортаның дүниежүзілік күніне арналған веломарш өтеді

Алматыда қоршаған ортаның дүниежүзілік күніне арналған веломарш өтеді

Алматыда5-ші маусымда қоршаған ортаны ңдүниежүзілік күніне арналған веломарш өтеді. Шараны ұйымдастырушылар Алматы қала әкімдігі мен «Вело-Алматы» бастамашыл тобы, «Алматы» велоклубы т.б.

  • 3 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Қоршаған ортаны ңдүниежүзілік күніне арналған веломарш экологиялық ең таза көлік- велосипед арқылы қаланың экологиялық проблемаларына назар аударуға бағытталған», — делінген хабарда.

Веломарш Абай-Момышұлы даңғылдарының қиылысынан бастау алып, Орталық стадионның алдына дейін жалғасады. Мұндай веломарштар бұрын да болған, бірақ биыл ол маршқа «Make LOVE, not carbon!» — «Ауаны ластағыш газдардың орнына маххаббат жасасын!» деген ұранмен қалыңдық велосипедшілер қатысады.

Шараны ұйымдастырушалыр осы экологиялық таза көлікті қала әкімінің өзі дәріптеудің арқасында оған отыратындар саны көбейіп, қала ауасы тазара түседі деп үміт етеді. 2009-шы жылдан бері қала әкімшілігі 15 рет веломарш ұйымдастырды.

«Тағы бір маңызды шара – былтыр Абай даңғылының бойымен велосипедшілер жүретін жолақтың бөлініп көрсетілуі болды», — делінген хабарда. «Вело-Алматы» тобының өкілі Тимур Журкашев жақын аралықта басқа көшелерде де веложолақтар пайда болатын шығар деп үміттенетінін жеткізді.

Веломарш сенбі күні сағат 9:00-де Абай-Момышұлы даңғылдарының қиылысынан басталып, сағат 9:30-да Орталық стадионда мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар