Алматыда ҚР білім беру стандарттары бағдарламасының тұсаукесері жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҚР білім беру стандарттары бағдарламасының тұсаукесері жасалды

Алматыда ҚР білім беру стандарттары бағдарламасының тұсаукесері жасалды

Алматыда "Үшінші мыңжылдық оқулығы : оқулықты жазу, басу және тарату" деп аталатын III Халықаралық тәжірибелік конференция аясында ҚР білім беру стандарттары бағдарламасының тұсаукесері жасалды.

  • 7 Маусым 2003
  • 1030
Фото - Caravan.kz

ҚР білім және ғылым министрлігінің орта және жалпы білім беру департаментінің директоры Жауынбай Қараевтың айтуынша, » білім беру стандарттарының бағдарламасы 2002-жылы қабылданған. Қазір ол жетілдіріле түсті. ҚР білім беру стандарттарының бағдарламасы 2003-2004- ші жаңа оқу жылының басында өз күшіне енеді».

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру Академиясының президенті Асқарбек Құсайыновтың айтуынша, ҚР білім беру стандарттарының бағдарламасы қандай да бір пән бойынша талап етілетін міндетті білім минимумын белгілейді.
«1-11 сыныптарға арналған пәндік стандарт дегеніміз — оқушылардың міндетті түрде игеруге тиіс білім көлемін айқындайтын құжат. Барлық сыныптарға арналған оқыту бағдарламасы осы стандартттар негізінде жасалады, ал оқыту бағдарламалары өз кезегінде оқыту-әдістемелік жоспарды дайындауға негіз болады»,- деді Асқарбек Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар